ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙ ЕЛШІСІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қытай елшісі Чжан Сяоны шұғыл шақыртып алып, наразылық білдірді. Оған түрткі болған қытайлық «Соху нүкте ком» сайтында жарияланған мақала. Онда: «Қазақстан не үшін Қытайға қайта қосылғысы келеді» деген тақырыппен жарияланған материалда Қазақ жері Цин империасының боданы болып, артынан Ресейге өтіп кеткен, - деп жазылған. Бұдан бөлек, Орта Азиядағы көшпенді жұрттың тарихы бұрмаланып көрсетілген. Осыған байланысты біздің Бейжіңдегі елшілігіміздің де Қытайдың Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдағаны белгілі болды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу