Қазақстан ЛРТ құрылысы бойынша Қытай алдындағы қарызынан толық құтылды

Құрылысы 2009 жылы басталып, бірақ бітпей, керісінше былығы артқан LRT жобасының құны 1,9 млрд долларға бағаланған. Оның 20%-ы Үкімет есебінен, өзгесі инвестор - Қытай мемлекеттік даму банкінен тартылуы тиіс болған. Ресми Бейжің алғашқы траншпен 340 млрд теңгені аударған. Бірақ жыл басында шетелдік қаржы ұйымы жобадан шығатындықтарын мәлімдеді. Сондықтан Қазақстан Үкіметтің кепілдендірілуімен 2,5%-бен алған несиені шұғыл қайтаруға тура келген. Вице-министр енді қарыздың толық жабылғанын айтады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу