Қазақстан мен Ресей Президенттері Омбыда кездеседі

Алыстағы тауыстан жақындағы көрші артық. Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дәл осылай бағалауға болатын шығар. Себебі қандас елдерге қарағанда Қазақстан іргедегі Ресеймен өңіраралық бас қосыларды дәстүрлі түрде өткізеді. Ынтымақтастық форумы соның дәлелі. Бір-бірінің делегаттарын алма-кезек қабылдау да 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл үлкен жиынды өткізу міндеті Омбы қаласына артылыпты. Алғашқы күнде-ақ бірқтар маңызды келісімдер жасалған. Ертіс өзенінің қиыр басындағы кездесу жайында тілшіміз Құралай Пионер тарқатсын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу