Қазақстан шетелдік әуе компанияларына үш жылдық «АШЫҚ АСПАН» режимін енгізді

Қазақстан шетелдік әуе компанияларына еліміздегі қалалар арасында адам тасымалдауға рұқсат берді. Бүгіннен бастап енгізілген құжат 3 жылға бекітілген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша «ашық аспан» режимі арқасында шетелдік әуе компаниялары еліміздің 11 қаласына қатынап тұрмақ. Сондай-ақ, берілген ақпаратта рейстер саны бойынша шектеулер алынып тасталып, шетелдік авиакомпанияларға қазақстандық тасымалдаушылар ұшпайтын бағыттар бойынша ұшуға мүмкіндік беріледі. Нәтижесінде жауаптылар отандық әуежайлар арқылы транзиттік жолаушылар ағынын еселеп, шетелге ұщатын жаңа бағыттар ашпақ. Сондай-ақ, бәсекелестік арқылы билет бағасын төмендету көзделген. Мамандар Оман мемлекетінің билігімен келіссөз жүргізіп, нәтижесінде 2021 жылы SalamAir компаниясы Маскат қаласынан Алматыға рейс ашатын болды. Қазіргі уақытта Air Asia, Singapore Airlines сияқты компаниялармен келіссөз жүріп жатыр, алдағы уақытта Катардың Qatar Airways және Біріккен Араб Әмірлігінің Emirates пен Fly Dubai әуе компаниялары басшыларымен кездесіп, келісім бекіту жоспарланған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу