Қазақстан WORLD CLEANUP DAY акциясына қосылды

Қазақстан World Cleanup Day акциясына қосылды. Бұл дегеніңіз, бүгіннен бастап, елімізде «экологиялық тазалық айы» ресми жарияланды деген сөз. Яғни, 16-шы қазанға дейін бүкіл планетада жаппай тазалық жүргізу шарасы өткізілмек. Бұл кезеңде көшелер шашылған қоқыстардан жиналып, ағаш отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Әзірге, акцияға 156 мемлекеттен 380 млн волонтер қосылған. Дегенмен, тазалық әркімнің өз ауласынан басталатынын ескеру қажет.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу