Қазақстанда 4 күндік жұмыс кестесі енгізілуі мүмкін

Қазақстанда 4 күндік жұмыс кестесі енгізілуі мүмкін. Мұндай болжамды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары айтты. Сөзінше Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерден басқа, жеке компаниялар қол астындағылардың жұмыс уақытына өздері жауапты. Яғни қызметінің көлеміне, саласының ауқымдылығына қарай компанияның эйчар мамандары шешеді. Тек еңбек кодексына сәйкес болу керек. Айта кетейік, соңғы кездері көрші Ресейде де осы мәселе қызу талқыға түсуде. Ал Батыс елдерінде көптеген халықаралық компаниялар 4-күндік жұмыс кестесін сынақтан өткізген. Нәтиже бойынша айти саласының мамандарына тиімді болса, өндірістегі қызметкерлерге, керісінше, зиянын тигізеді екен. Сауалнамадан өткен кәсіпорындардың 15-пайызы ғана 4-күндік жұмыс аптасын қолдаған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу