ҚАЗАҚСТАНДА ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ

Елімізде  карантин шаралары жеңілдеп, демалыс күндері кей нысандардың жұмысына рұқсат берілді. Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, енді сұлулық салондары, шаштараздар мен  косметикалық қызмет көрсететін объектілері сенбі мен жексенбіде жабылмайды. Сондай-ақ, фитнес-орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорттық кешендер мен СПА-салондар, сауналар мен бассейндер де аталған күндері ашық болады. Бұған қоса діни нысандардың жұмысына қойылған шектеу алынды. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу