Қазақстанда деструктивті ағымды ұстанатындардың саны 20 мыңнан асады

ДАИШ демекші, бүгін Нұр-Сұлтанда 11-ші дінтанушылар форумы өтіп, онда жат ағымның жетегінде жүрген қазақстандықтардың саны 20 мыңнан асатыны айтылды. Нақтырақ айтқанда, бұл туралы ҰҚК полковнигі Сергей Швейкин мәлімдеді. Шендінің мәліметінше олардың барлығы 2013 жылдан бері Сириямен Иракқа аттанған. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, экстремистік діни ағымды ұстанатындардың басым бөлігі еліміздің оңтүстігінде, батысында және орталығында тұрады. Бұдан бөлек, отандастарымыз ДАИШ, Әл-Каида, Ислам жиһад одағымен қатар өзге де халықаралық террористік ұйымдарға мүше деді олар. Әйтседе діни басқарма елге қайтарлығандардға дұрыс дағуат жүргізу арқылы 500 азаматтың теріс ағымға деген көзқарасын түбегейлі өзгерте алдық деп ойларын ашық айтты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу