Қазақстанда еңбек иммигранттарының жұмыс істеу мерзімі шектелуі мүмкін

Қазақстанда еңбек иммигранттарының жұмыс істеу мерзімі шектелуі мүмкін. Бұл жайында Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов «Көші-қон» туралы заң жобасын таныстыру барысында айтты. Оның сөзінше, келімсек жұмысшылар үшін қажетті мамандықтар тізімі түзілуі қажет. Сондай-ақ, олардың мәртебесі «уақытша кеп жұмыс істейін еңбеккерлердікімен» теңестіріліп, 20 мың теңгедей салық төлеуі тиіс. Құжатқа сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бөлу ісі Еңбек ведомствосына өтпек. Ал, оны бекіту құзіреті Үкіметте қала бермек. Айта кетейік, мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу