ҚАЗАҚСТАНДА ИПОТЕКАЛЫҚ ТӨЛЕМДЕР ҮШ АЙ ТОҚТАТЫЛА ТҰРАДЫ

«Бәйтерек» Ұлттық Басқару Ходингіне қарасты компаниялар ипотека төлемдерін 3 айға шегере тұруға шешім қабылдады. Президенттің тапсырмаларына сәйкес, уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін Холдингтің еншілес ұйымдары атап айтқанда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», Қазақстан ипотекалық компаниясы және «Бәйтерек девелопмент» барлық төлемдер бойынша, негізгі қарыз бен сыйақы сомасын қоса алғанда, тұрғын үй және тұрғын үй емес жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты барлық мәмілелері бойынша, айыппұлдар мен өсімақыны есептемей, маусым айына дейінгі төлемдерді кейінге қалдыратын болады. Сондай-ақ, холдинг таратқан мәліметте төлемдерді кейінге қалдыру үшін мемлекеттік операторларға интернет арқылы өтініш беруі керектігі айтылған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу