ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ҚАУПІ ЖОҒАРЫ АЙМАҚТАРДЫҢ КАРТАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Елімізде коронавирус қаупі жоғары аймақтардың картасы жарияланды. Енді ауруды жұқтырғандар және олармен байланыста болғандар туралы ақпаратты онлайн көруге болады. Ол үшін егов.кз сайтындағы интерактивті картаға кіру керек. Қай аймақта науқастармен байланысқа түскен қанша азамат бар, олардың нешеуі ауруханада жатыр деген сынды сұрақтарға жауап алуға болады. Бұл сервис коронавирус індетімен күресіп жатқан өзге елдердің үлгісінде жасалған. Тек ақпарат таратып қана қоймай, халықтың жауапкершілігін арттыруға, гигиена шараларын күшейтуге, карантин режимін сақтауға бағытталған. Жақын арада осындай сервистің eGovMobile мобильдік қосымшасында пайда болады. Сондай-ақ, порталда интерактивті картамен бірге коронавирус бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар базасы орналасқан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу