ҚАЗАҚСТАНДА ВИЗА РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРТІЛДІ

Елімізде виза рәсімдеу тәртібі өзгертілді. 18 қыркүйектен бастап аталмыш құжатты рәсімдеу мен берумен ішкі істер министрлігі айналысатын болады. Сондай-ақ, еліміздегі халықаралық әуежайларда виза беру бойынша өкілеттіктер де енді осы ведомстваға қарайтын болады. Ал сыртқы істер министрлігі, тек шетелдік компания атынан түскен өтініштерді қарастырады. 

Жаңа тәртіпке сәйкес, электрондық виза алатын елдер тізімі 109-ға дейін көбейді. Ал бұрын Қазақстан азаматы болғандарға көп реттік визаның жарамдылық мерзімі 3 жылға дейін ұзартылды. Бұдан бөлек, шетелдік инвесторларға берілетін виза енді 3 жыл емес 5 жылға дейін жарамды болады. Сондай-ақ, Қазақстанда белгілі бір халықаралық қызметте жүрген шетелдіктерге берілетін С-7 визасын создыртуға қойылған шектеу алынып тасталды. Бұған дейін,  Қазақстанның құзырлы органының жазбаша келісімі болған жағдайда, аталмыш құжаттың мерзімін бір рет ғана созуға рұқсат еді. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу