ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ӨЗГЕРЕ МЕ?

Қазақстанда зейнет жасы өзгереді. Кешелі бері әлеуметтік желілерде осындай жазба таралуда. Онда ер адамдар 61 жастан, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады делінген. Ақпараттың шынайлығын анықтау үшін біздің тілшілер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хабарласты. Жауапты ведомство жазбаны жоққа шығарды. «Бұл – фейк, зейнетке шығу жасының өзгерісі туралы ешқандай сөз болған жоқ», - деп мәлімдеді министрлік. ГРА: Қазіргі уақытта елімізде ерлер мен әйелдер зейнетке жарты жылдық өсім бойынша 59,5 мен 60 жаста шығады. ТМД елдері арасында зейнет жасы бойынша біздің ел екінші орында. Бірінші Өзбекстан, үшінші орында Түркіменстан орналасқан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу