Қазақстанда жасалған көліктер сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие

Қазақстанда жасалған көліктерге сырттан да сұраныс өте жоғары. Бүгін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан «Қазақстан машина жасаушыларының VII Форумында осындай ақпар айтылды. Әсіресе, 2018 жылдағы өндіріс рекордтық көрсеткішіке жетіп, 1 трлн теңгені құраған. Биылғы жарты жылдықтан да өсім сақталып түр. Жалпы соңғы 10 жылда өндіріс 8 есеге артып, 19,2%-ды көрсетіпті. Мәселен, 2010 жылы Қазақстан небәрі 4 мың бірлік машина шығарса, қазір бұл саны 32 мың бірлікке жеткен. Қарқынды жұмыс сондай-ақ электрокар жасау жүйесінде де сақталуда. Индустрияландыру бағдарламасы аясында саласында 114 жоба іске асыпты. Бүгінде елімізде 167 атомобиль маркасы шығарылады. Оның 39-ы жеңіл көлік болса, 22-і әлемдік брендтер. Үкімет те қосымша құн салығы бойынша жеңілдік жасап, несие, лизинг, экспорттық қолдау шараларын ұсынып отыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу