ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН ОТАНДЫҚ ТЕСТ ЖҮЙЕСІН ОЙЛАП ТАПТЫ

Бұл уақытта қазақстандық ғалымдар Ковид 19-ды анықтайтын отандық тестті ойлап тапты. Аталған диагностикалық жүйені екі орталықтың мамандары бірлесіп жасаған. Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы мен Ұлттық биотехнология орталығы ғалымдарының бұл жетістігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары бағалады. Мемлекет басшысы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тест жүйесі мыңдаған азаматтың өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп сенім білдірді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу