Қазақстандық тауарлардың Ресей нарығына кіргізілуі қиындады

Ал Ресейге салынған санкциялар кесірінен қазақстандық бірқатар тауарларды көрші елдердің нарығына кіргізу қиындап кетті. Дегенмен мұндай қиындық 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері орын алып келеді екен. «Атамекен» палатасы төрағасының орынбасары Евгений Больгерттің айтуынша, 2018 жылы Қазақстан Ресейге 5 млрд 280 млн теңгенің тауарын тасымалдапты. Ал ол жақтан елге 13 млрд 270 млн-ға өнім кіргізілген. Яғни, Ресей импорттау жағынан біздің нарықта бірінші орында тұр. Одан кейінгі орынға Қытай мен Германия шыққан. Ұлттық палатаның мәліметінше, жыл басынан бері «Россельхознадзор»-дың қойған 16 шектеуінен тек екеуі ғана, яғни ет пен сүтке қатысты кедергі алыныпты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу