ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМДІ ӨЛТІРГЕН ЭКС-ПОЛИЦЕЙ ӨМІР БОЙЫ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛУЫ МҮМКІН

Польшада қазақстандық жасөспірімді атып өлтірген экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы жергілікті сайт жариялады. Сотталушы әзірге 3 айға уақытша қамауға алынды. Оның ол әрекеті үшін 25 жылдан өмір бойына дейін жаза кесілуі ықтимал. Тергеу барысында экс-полицейде 4 бірдей аңшы қаруы болғаны мәлім болды. Алайда оны тек қызмет бабында ғана пайдалануға рұқсаты бар. Бір қызығы, алькогольді асыра пайдаланғаны үшін және қолында көк картасы бола тұра, қару-жарақ лицензиясынан айырылмаған. Осы ретте Польшаның аң аулау жөніндегі жоғарғы кеңес президентінің сөзінше, бұл аңшылық әрекет емес. Адам мен аңды ажыратуға болады деген пікірде. Ал, жарақат жасөспірімге көмектеспеді және полицияның іс жүргізуіне кедергі келтірді деген айып тағылған күдіктінің 41 жастағы жолдасы әзірге бостандықта. Еліміздің Сыртқы істер минимстрлігі болса, қазақстандық студенттің қайғылы өліміне қатысты тергеуді ерекше бақылауға алғанын хабарлады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу