ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 9 НАУРЫЗДА ЖҰМЫСҚА ШЫҒА МА?

9-шы наурызда кімдер жұмыс істейді? Таңнан бері жұртты мазалаған сұраққа мемлекеттік қызметтер агенттігі жауап берді. Олардың айтуынша, бір мезетте демалысты алып тастау мүмкін емес. Президенттің кешегі пәрменін бүгін орындау үшін конституцияға өзгеріс енгізу қажет. Бұл ұзақ уақытты алатынын ескерсек, заң бойынша ел азаматтары түгелдей демалуға құқылы. Қазіргі кезде құзіретті органдар президенттің тапсырмасын пысықтап, қай мемлекеттік қызметшілердің демалыс күндері қысқаратынын анықтауда.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу