ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРУДАН СЕСКЕНЕДІ

Қазақстандықтар ковид-19-ға қарсы вакцина салдырудан қорқады. Тілшілеріміз халық арасында жүргізген сауалнама қорытындысы осыны көрсетіп отыр. Әлеуметтік желіде де екпе тақырыбы нөмір бірінші талқыда тұр. Ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, отандық ғалымдар қауіпті инфекцияға қарсы бірден 68 вакцина дайындауда. Олардың алды сынақтан өткізіліп, 200 адам екпе салдырыпты. Денсаулық сақтау министрлігі енді оның тағы 2 млн адамға тегін салынатынын хабарлады. Австралияның «COVAX-19» вакцинасын да алған бір Қазақстан азаматы бар. Жоқ екпенің жыры жайында Жалғас Зейнолланың сюжетінде.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу