Қазақстандықтар садақаны терминал арқылы бере алады

Енді қазақстандықтар садақаны терминалға сала алады. Елордадағы «Әлжан ана» мешітінде садақа салуға арналған электронды құрылғы іске қосылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қолма-қол қаржыдан арылу мақсатында халыққа қолайлы болу үшін жасалынғанын атап өтті. Келесі кезекте орнатылмаған басқа аймақтарда, облыс орталықтары мен республиканың барлық мешіттерінде пайда болады. Бас муфти Серікбай Қажы Ораздың сөзінше соңғы 1 айда республика бойынша 58 нүктеде дәл осындай құрылғы орнатылған. Соның 38-і елордалық 12 мешітке қойылған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу