Қазақстандықтар табысының жартысын азық-түлікке жұмсауда

Қазақстандықтар табыстарының тең жартысын тамаққа жұмсайды. Осылай деген Мәжілісмен Айқын Қоңыров азық-құнының негізсіз өсуіне наразылық білдірді. ТМД-ның Статистика комитеті жүргізген зерттеуіне сәйкес тағам құнының қымбаттауы бойынша біздің еліміз Өзбекстан, Тәжікстан, Молдовадан басқа барлық елді басып озған. Ал бағаны тұрақтандыру бойынша Үкіметтің қабылдап жатқан шаралары, азық-түлік әбден қымбаттап қойғаннан кейін қажетсіз істелген амал, - дейді депутат. Бұл ретте шенеуніктерді жекелеп алып, жауапқа тарта бермей, бірыңғай Ұлттық жоспар әзірлеу керек деп санайды мәжілісмен.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу