Қазақстандықтар зейнетақы жинағын баспана алуға жұмсай ала ма?

Қазақстан зейнетақы жинақтау жүйесі Сингапур тәжірибесіне негізделуі мүмкін. Қазір Үкімет оны зерделеп жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттары сауалына жауап берген Премьер-Министр Асқар Мамин айтты. Құжатта орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен зейнетақы жүйесін одан ары жетілдірумен айналысатын жұмыс тобы құрылғаны көрсетілген. Ал, оның құрамына Парламент депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кірген. Әзірге 4 отырыс өткізілген. Онда бірыңғай әлеуметтік қор құру және бір әлеуметтік төлем енгізіп, оны бюджеттен тыс басқару сонымен қатар жұмыс берушінің 5 пайыз міндетті зейнетақы жарнасын аудару мерзімін 2020 жылдан 2023 жылға шегеруі мәселелері қаралған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу