Қазақстанға жасалған хакерлік шабуылды Қытай компаниясы анықтап берді

«Алтын қыран» хакерлік тобы Қазақстанның серверлерін бұзғаны анықталды. Бұл жайында киберқауіпсіздік саласындағы Қытайдың «Киху 360» компаниясының есебінде жарияланды. Ол үшін Қытайлық мамандарға хакерлік ұйымның серверлерін бұзуға тура келген. Олардың пайымдауынша елімізден ұрланған мәліметтердің көбі – маңызды құжаттар болып шыққан. Қолды болған ақпараттар кибер қылмыскерлердің базасында Қазақстанның 13 қаласы бойынша бөлініп жатқан. Ал мақсаты – билік өкілдері, әскерилер, дипломаттар, ғалымдар мен журналистер, сондай-ақ, еліміздегі жеке-меншік компаниялар жайлы мәліметтер болған. Айта кетейік, «Алтын қыран» хакерлік тобы Қытай азаматтарына да бақылау жүргізгендігі бұған дейін де сөз болған. Олар электронды пошта арқылы зиынды сілтемелер таратып отырған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу