ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫТАЙҒА КӨМІР ЭКСПОРТТАУ ЖОСПАРЫ ОРЫНДАЛМАЙ ҚАЛУЫ МҮМКІН

Қазақстанның Қытайға көмір экспорттау жоспары орындалмай қалуы мүмкін. Себебі бұл жоба экономикалық жағынан тиімсіздігін көрсетуде. Мұндай эксклюзивті ақпарды арнамызға Индурстрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі берді. Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы Саят Исатовтің айтуынша, транспорттық тасымалдау құны тым қымбатқа шығып тұр. Жалпы Үкімет қатты отынды 3 бағыт бойынша экспорттауды қарастырған. Ресейге, Ресей арқылы Еуропаға және Қытай транзитімен Шығыс Азияға. 2019 жылы Қазақстан 111,1 млн тонна көмір өндірсе, соның 28,1 млн-ны экспортқа жөнелтіліпті. 57,2 млн тоннасы кәсіпорындарға жіберілсе, коммуналдық қажеттікке – 11,4 млн кеткен. Қазір резервте 14,4 млн тоннасы бар.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу