«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» КОРОНАВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ УРАН ЭКСПОРТЫНА ҚАТЫСТЫ ЖОСПАРЫН ӨЗГЕРТУІ МҮМКІН

Қазақстан коронавирусқа байланысты табиғи уран экспортына қатысты жоспарын өзгертуі мүмкін. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов инфекцияның әлем бойынша таралуы одан әрі жалғасса тұтынушылардың тапсырысын жеткізу қиындайтынын айтты. Алпауыттың негізгі экспорттық нарығы – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка мен Еуропа мемлекеттері. Компания келесі жылдың екінші бөлігінен бастап Қытайдың ядролық реакторлары үшін жылу бөлетін жиынтықтардағы уран жеткізуге офтейк келісімге отырған болатын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу