KAZENERGY: БЕНЗИН БАҒАСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН

Елімізде бензин бағасы қымбаттауы мүмкін. Жыл соңына дейін АИ-92-нің литрі 170-180 теңгеге дейін өсуі ықтимал. Мұндай болжамды Kazenergy қауымдастығының Мұнай-газ және энергетика саласын дамыту жөніндегі директоры айтып отыр. Яромир Рабай LS агенттігіне берген сұхбатында: бұған бірінші кезекте Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдердің Энергетика саласының ортақ нарыққа енуі басты себеп деген. 2025 жылға дейін ұйымға мүше 5 мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения мен Беларусь баға теңдігін қалыптастырып бітуі тиіс. Салыстырмалы түрде алғанда қазір бестіктің ішінде Қазақстанның бензині ғана арзан. Егер теңестіруді қазірден бастамаса, онда еліміз өзге төртеудің нарығын субсидиялаушы болып қалады. Ал бұл Үкімет үшін қып-қызыл шығын, әрі ішкі нарықта дефицит тудырады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу