«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК: «ХАЗАР» ЖӘНЕ «ҚАЛАМҚАС-ТЕҢІЗ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУ ПЕРСПЕКТИВТІ

«Хазар» және «Қаламқас-Теңіз» жобасына қатысу перспективті деп пайымдаймыз. «ҚазМұнайГаз» Atameken Business арнасы жіберген ресми сауалға осындай жауап қайтарды. Яғни, ұлттық компания қос инвестор - Shell мен NCOC тастап кеткен Каспий маңындағы екі кен орнына келуі мүмкін екендігін жоққа шығармады. Бірақ серіктестер тартуға ниетті. Нақты шешім «Солтүстік Каспий» мен «Меруерт» жобасына қатысты құжаттар Қазақстан Үкіметіне толық қайтарылған соң шығарылу тиіс деп жазыпты. Ал бұл процесс келер жылға дейін жалғаспақ.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу