Қазынадан ұрланған миллиардтаған доллар елге қайтарыла ма?

Ал қазынадан ұрланып, шетелдік шотқа құйылған миллиардтаған долларды елге қайтару мүмкін болмақ. Ол үшін шетелдік офшор ұйымдарға қазақстандықтар туралы деректерді ұсынуды міндеттейтін заң жобасы қабылдануы тиіс. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, тәуелсіздік жылдары елден 180-200 миллиард доллар сыртқа шығарылды. «Соның тек 90 миллион доллары қайтарылды», - дейді Мәжілісмен Азат Перуашев. Сөзінше, заң жобасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері сынды жаңа ережелер жазылған. Шетелдік органдар, көбінесе, «банк құпиясы» деген желеумен отандық салықшыларға қазақстандықтардың шетелдік шоттарына қатысты деректерді беруден бас тартты. Енді заңнама мақұлданса, халықаралық ұйымдар сұратылған мәліметтерді ұсынуға міндетті болады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу