Келер жылдан бастап комплаенс мамандары оқытыла бастайды

Елімізде келер жылдан бастап комплаенс мамандары оқытыла бастайды. Бұл біз үшін таңсық болғанымен, мамандардың сөзінше экономикамызға оң әсері бар дүние болғалы тұр. Себебі мұндай қызмет түрі еліміздегі сыбайлас жемқорлық фактілерін азайтуға септігін тигізбек. Мәселен осылардың арқасында «Дуинг бизнес» рейтингінде Қазақстан 28-ден 25 ші орынға көтерілді. Қазіргі таңда 250 комплаенс офицері жұмыс істейді. Алдағы 5 жылда олардың саны 3 есеге артады. Қазіргі таңда Олардың жалақысы 700 мыңнан басталып 1 жарым млн теңгеге дейін барады. Мұның барлығы салаға қатысты алғаш өткізіліп жатқан форумда айтылды. Дәл қазір сол жерден әріптесім Арай Сүгірбай тікелей байланысқа шыққалы тұр. Арай, не себепті енді бұл салаға жіті көңіл бөліне бастады?

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу