КЕРЕКУЛІК ТҰРҒЫНДАР БАЛКОНДАРЫНА ЖАППАЙ ТУ ІЛІП ҚОЙДЫ

Ал тәуелсіздік мекесін керекуліктер ерекше атап өтіп жатыр. Мұндағы тұрғындар үйріне жаппай көк байрақты іліп қоюды ұйғарған. Санаққа қарағанда, күн мен қыран белгіленген ту орталықтағы 70-ке жуық пәтердің балконына қойылыпты. Айта кету керек, бұл Қазақстанның басты мерекесіне орай Павлодарда желтоқсан айының басынан бері, «Менің туым – менің елім» акциясы аясында өткізіліп жатқан шара. Алты күн ішінде оған 25 мыңдай тұрғын қатысқан, әрі оқушылар да тудың суретін салып өзара жарысуда. Ал еріктілер тобы қоғамдық орталар мен автобустарда Қазақстан туы белгіленген шоколадтар таратып шыққан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу