Кішкентай балаға күш қолданып, зәресін алған дәрігер кінәсін мойындады

Ақтауда кішкентай балаға күш қолданған тіс дәрігеріне қатаң сөгіс жарияланып, жұмыстан қуылды. Өз кезегінде айыпты азамат іс-әрекеті үшін кешірім сұрады. Ал поликлиника басшылығы оқу бітіріп, екі жыл жұмыс істеген қызметкерін білікті әрі адал маман екенін айтып отыр. Десе де, әлеуметтік желіде тараған видеода дәрігердің баланы шектен тыс жұлқығаны көрініп тұр. Мұны сал ауруына шалдыққан бүлдіршіннің анасы байқаған бетте полиция қызметкеріне барып шағымданған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу