ҚМДБ: ЖАНАЗАҒА 30 АДАМНАН АРТЫҚ ЖИНАЛУҒА БОЛМАЙДЫ

Жаназа намазына 30 адамнан артық жиналуға болмайды. Ал, діни рәсімнің ұзақтығы 5 минуттан аспауы керек. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы карантин кезінде марқұмдарды соңғы сапарға шығарып салу ережесіне қатысты пәтуасын жариялады. Вирустық инфекцияның таралуынын алдын алу үшін жаназа асына тек жақын-жуық жиналуы керек. Ал, жетісі, қырқы және құдай астарды уақытша өткізбеуге кеңес берді. Дегенмен, басқарманың нұсқаулығына барлық жерде бірдей құлақ асып жатпаған секілді. Мәселен, танымал имам Абдуғаппар Смановтың жаназасына мыңнан астам адамның жиналғаны әлеуметтік желіде тарап жүр. Талқыға түсткен бейнежазбаға қатысты басқарма төрағасының орынбасары мынадай түсініктеме берді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу