Қоғамдық көліктерге субсидия берілмесе жолақы қымбаттайды!

«Қызылорда» Автобус паркі» халықаралық Еуразия даму және қайта құру банкіне 7 млн 200 мың доллар қарыз. Бұл ақша 2016 –шы жылы табиғи газбен жүретін 92 автобус сатып алу үшін алынған. Сондай-ақ, аталған паркке әлеуметтік маңызы бар бағыттарды қамтамасыз ету үшін субсидия берілген. Алайда автопарк шығындарын жабу үшін бөлінген 1,2 млрд теңге несиені өтеу үшін жұмсалыпты. Салдарынан Халықаралық банк алдындағы берешек өсіп, жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың жағдайы қиындап барады. Осы іспетті жағдай Шымкентте де қалыптасқан. Жергілікті биліктегілердің айтуларынша қоғамдық көліктерге субсидия берілмесе, жолаушыларға салмақ түсуі мүмкін. Яғни, жолақы қымбаттап, әлеуметтік топтағылар жеңілдіктерден қағылуы ықтимал.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу