Қолайсыз ауа райы салдарынан жолда қалған 39 адам қайтыс болды

Ауа райы қолайсыздығынан елімізде мыңға жуық көлік жолда қалып, жүзден астам апатты жағдай орын алған. Салдарынан бір апта ішінде 39 адам қайтыс болған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Оның сөзінше, мұндай оқиғалардың орын алуына жүргізушілердің өзі кінәлі. Жазғы дөңгелектерін ауыстырмайды, жолға шықпау туралы ескертуді ескермейді. Өткен аптада республикалық маңызы бар 57 жол учаскесі жабылған. Әлі күнге дейін Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс және Жамбыл облысында жағдай тұрақтала қойған жоқ. Осы тұрғыда Үкімет басшысы Асқар Мамин ауа райының бұзылуына байланысты жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу