КӨЛІК ПЕН ПӘТЕР ОЙНАТАТЫНДАРҒА КҮН ТУДЫ

Көлік пен пәтер ойнататындарға күн туды. Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Мәжіліске келіп Лоторея туралы заңды бірінші оқылымда таныстырды. Бұрын құжатта агенттер мен олардың заңбұзушылықтары мәселелері реттелмеген. Енді лоторея операторы болып табылмайтын жандар елден ақша жинап, табыс тапса бірінші рет ескерту алады, екінші рет, 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Былтыр заңсыз лоторея бойынша 320 қылмыстық іс қозғалып, 500 астам шағын құмар ойын орындары жабылып, 10 мың терминал мен ойын автоматтары тәркіленген. Парламентте жүрген тілшіміз Жалғас Зейнолла бізбен тікелей байланыста.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу