Көлік салығына өзгерістер енгізіледі ме?

Көлік салығына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Қазірде құжатты Ұлттық экономика министрлігінің жұмыс тобы қолға алған. Нақты қандай өзгерістер қарастырылған деген сұрақ мазалап отырған болар? Ашып айтайын. Егер құжат қолдау тапса еліміздегі 3 млн 500 мың автомобиль салықтан босатылуы мүмкін. Бұл қозғалтқышы 3 мың текше метрден аз көліктер. Өздеріңіз байқаған боларсыздар, елімізде қозғалтқышы 4 мың текше мертден асатын көліктер әлдеқайда аз 73 мың 300 ғана. Осы орайда «Ұлттық экономика министрлігі нендей мақсат көздеп отыр ?» деген заңды сауал туындайды. Солай емес пе ? Менің ойымша, бұл жердегі басты мәселе – көлік салығынан жалтаратындардың азаймай тұрғаны. Биыл еліміз бойынша автомобиль салығынан қазынаға түскен қаржы қанша екен ? Оны мемлекеттік кірістер комитетінің маманынан білейін.

Студиямызда Мемлекеттік кірістер комитетінің Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Олжас Отар.

Біздің естуімізше, айыппұл тұрағына апарылған борышы бар көліктерді салықтық қарызын төлемей-ақ алып кететіндер болады екен. Бұл қаншалықты мүмкін? Дәл қазір Скайп арқылы байланысқа шыққан сот орындаушы Асылбек Құсайыновтан білеміз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу