Көмір, ағаш, газ бағасы өзгерді!

Жылыту маусымы басталғалы жылдағыдай көмір, газ, жалпы айтқанда отын бағасы да жиі қаузала бастады. Әсіресе жеке тұрғын үйлердің тұрғындары қыс келісімен қипақтап, қиналып қалады. Себебі қай отын түрін алсақ та бағасы қалта қағады. Еліміз бойынша көмірдің орташа бағасы 1 тоннасы - 12 мың 400 теңге тұрады. Бағаны әдеттегідей делдалдар қалыптастырып отыр. Статистика комитеті келтірген сандарға көз жүгіртсек, ең қымбат көмір Оралда. Тоннасы - 18,5 мың тг. Қызылордада - 14,1 мың тг, Алматыда - 14 мың. Ал Нұр-Сұлтанда – 12,3 мың тг.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу