КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖӨНДЕУГЕ 30 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

Бірінші қабатта тұрсаңыз да бәрібір лифт үшін ақы төлейсіз. Тіпті үйдің жертөлесіндегі дүкен немесе дәмхана иесі де жедел сатының қызметіне қаржы бөлуге міндетті болады. Өйткені ол инженерлік коммуникациялар сияқты үй меншігі саналады. Жаңа заңда солай көрсетілген. Сондай-ақ, енді әр үйдің өз шоты болады. Онда жиналған сіз бен біздің қаржымыз тек күрделі жөндеуге жұмсалмақ. Ол қаржы жетпей қалса Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2 пайызбен несие беруге дайын. Үкіметтің ойлап тапқан жаңа жүйесін әріптесім Гүлжайна Өмірбек түсіндіреді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу