ҚОР НАРЫҒЫ ҚҰЛДЫРАҒАН СОҢ, АҚШ МИЛЛИАРДЕРЛЕРІ $40 МЛРД ЖОҒАЛТТЫ

Сондай-ақ, бүгін АҚШ-тың негізгі қор индекстері тағы 3 пайызға дейін түсіп кетті. Салдарынан соңғы 2 күнде Форбстағы тізімнің алғашқы ондығына кіретін америкалық миллиардерлер кемі 40 млрд доллардан қағылды. Мәселен, әлемдегі ең дәулетті азамат Amazon жетекшісі Джефф Безостың байлығы 1,5 пайызға азайған. Бұл - шамамен 5 млрд доллар. Еуропадағы сән үйлерінің иесі - Бернар Арно да осындай шығынға ұшыраған. Microsoft-тың қожайыны Билл Гейтс 1,5 млрд доллар жоғалтты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу