ҚОРДАЙДАҒЫ ТӨБЕЛЕС: 25 АЗАМАТ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Қордайда болған төбелеске белсенді қатысқан 25 азамат қамауға алынды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев айтты. Сөзінше, жаппай төбелеске Алматы, Шымкент қалаларымен қатар, Жамбыл облысынан ер азаматтар жеткен. Олардың арасында қазақ, қырғыз, дұңғандар болған. Ұсталғандардың 7-уі бұрын сотталғаны анықталды. Естеріңізде болса, 7-ақпанда Жамбыл облысы Масаншы ауданында тұрғындар арасында жанжал шығып, арты жаппай төбелеске ұласқан еді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу