КОРОНАВИРУС ӨРШІГЕН УХАНЬДА 98 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТ ҚАЛДЫ

Карантин жарияланған Қытайдың Ухань қаласында қазір 98 қазақстандық студент қалды. Бұл туралы Сыртқы істер ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Жалпы 230 отандасымыз сол шаһарда білім алуда. Көбі демалысқа шығып, Қазақстанға және басқа да елдерге кетіп қалған. Әзірге студенттерден бөлек өзге азаматтардың бар-жоқтығына қатысты ақпарат  жоқ. Өйткені сапарлай баратын отандастарымыз консулдық есепке тұрмайды екен. Тіпті ресми дерек бойынша Қытайда 10 мың студент оқыса, елшілікте  мыңнан астам азаматтың ғана дерегі тіркелген.  

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу