КОРОНАВИРУС ОШАҒЫНА АЙНАЛҒАН УХАННАН ТАҒЫ 8 ОТАНДАСЫМЫЗ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Коронавирус ошағына айналған Ухань қаласынан Қазақстанның 8 азаматы Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды. Қазақстандық тарап, отандастарымызды қауіпсіз жерге көшіру жөнінде ресми Мәскеу мен Ташкентке өтініш білдірген. Ұшаққа отырмас бұрын қосымша медициналық тексеруден өткен қазақстандықтардан, дене қызуы немесе коронавирус симптомдары анықталмады. Жалпы қазір Қытайда Қазақстанның 780 азаматы жүр. Олардың 427-і елге қайтқысы келетінін айтқан. Толығырақ әріптесім Алмас Мұсабектің репортажында.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу