КОРОНАВИРУС ПЕН ПНЕВМОНИЯҒА ҚАТЫСТЫ 1 ТАМЫЗҒА ДЕЙІНГІ СТАТИСТИКА БІРІКТІРІЛМЕЙТІН БОЛДЫ

Шынайы статистиканы тағы жасырып қалмақшы. Денсаулық сақтау министрлігі пневманияға қатысты 1-ші тамызға дейін тіркелген деректерді ковид деп есептемейтін болды. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері мәлімдеді. Жалпы биыл пневмониямен ауырғандар саны аз емес. Жыл басынан бері 234 мың жағдай тіркелген. Соның 64 мыңға жуығы тек соңғы 20 күнде анықталған. Айжан Есмағамбетованың айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пневмонияның 20-дан астам түрі болғандықтан, бұрынғы жағдайларды жалпы коронавирус есебіне алмауға кеңес берген. Енді жалпы статистика «коронавирус плюс» және «коронавирус минус» деп жүргізілмек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу