КОРОНАВИРУС ШЫҚҚАН УХАНЬ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР КӨМЕК СҰРАЙДЫ

Коронавирус шыққан Ухань қаласындағы қазақстандық студенттер көмек сұрайды. Себебі оларға елге қайтуға шектеу қойылған. Айтуларынша ол жерде 200-ден астам қазақстандық білім алып жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай Ухань қаласына кіріп-шығу қатаң шектелген. Барлық бұқаралық-іс шаралар тоқтатылған. Әуежайлар мен қоғамдық орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қаңтардың соңында анықталған короновирус қазіргідей өршиді деп ешкім ойламаған. Біздің елдің студенттері де бастапқыда еш алаңдамапты. Оны біздің тілшілерге берген сұхбатта айтты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу