КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН АДАММЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНЫН ЖАСЫРҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ҮШІН ПЕРЗЕНТХАНА ЖАБЫЛДЫ

Алматыда коронавирус анықталған адаммен байланыста болғанын жасырған жүкті әйел үшін бүтін бір перзентхананы жабуға тура келді. Емделуші қабылдау бөліміне түскеннен қауіпті дерт расталған адаммен қатынаста болғанын айтпаған. Салдарынан, перзентхана науқастарды қабылдауды тоқтатты. Жүкті әйелдердің бір бөлігі өзге медициналық мекемелерге орналастырылды. Қалғандарын үйлеріне жіберіп, оқшаулаудан басқа амал табылмапты. Ғимаратқа дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта ковид 19 диагнозына қайта тексеру жоспарланып отыр. Коронавирус белгілері анықталмаса медициналық мекеме штатты түрде жұмысын жалғастырады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу