КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ САНЫ 10-ҒА ЖЕТТІ

Коронавирус дертін тағы бір адамның жұқтырғаны анықталды. Науқас 86-шы жылғы әйел адам. Алматыға Стабулдан 15-шы наурызда ұшып келіпті. Сонымен, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан бойынша COVID-19 дертімен бақылауға жатқандардың толық статистикасын бүгінгі былай көрсетіп отыр. 9-шы наурыздан бері қауіпті вирус жұқтырғандардың саны 10 науқас. Олардың жетеуі Алматыда жатса, екеуі Нұр-Сұлтанда. Тағы бір отандасымыз Германия ауруханасында ем алуда. Республика бойынша стационарлық карантинге 1641 адам жатқызылған. Бұдан бөлек, тағы 981 азамат үй карантинінде тұр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу