КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ТҮЛЕКТЕР ҰБТ-ДІ БӨЛЕК ТАПСЫРАДЫ

Коронавирус дертіне шалдыққан түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді бөлек тапсырады. Бүгін Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов дәл осылай деді. Керек болғанда жағдайда кезекші топтың жұмыс істейтінін айтты. Бұған дейн жауапты мекеме қауіпті дерттің тарап кетуіне байланысты Б жоспарын даярлап жатқанын хабарлаған. Тіпті тестілеу ашық стадионда өтуі мүмкін деген еді. Ол жоспар жүзеге аспайтын көрінеді. Сондай-ақ, оқушыларға өзімен бірге калькуляторды әкелуге рұқсат берілмеді. 5 күннен кейін басталатын түлектердің өміріндегі маңызды емтихан туралы Қарлығаш Темірбайқызының материалында.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу