КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ШЫҒАРАТЫН ОТАНДЫҚ ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 7 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛМАҚ

Коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын отандық зауыттың құрылысына 7 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Жаңа биофармацевтикалық зауыт дәл осы өңірдегі Гвардейское ауылында салынып жатыр. Ол биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының базасында орналаспақ. Өндіріс ошағының құрылыс-монтаждау жұмыстарына - 2,6 млрд, ал қажетті қондырғыларды сатып алуға - 3,3 млрд теңге жұмсалмақ.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу