КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ЖАСАУ ҮШІН 1,5 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛМАҚ

Ал осы коронавирусқа қарсы вакцинаны жасауға 1,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне қарасты ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева арнамызға берген арнайы сұқбатында айтты. Сөзінше, ол қаражаттың 480 млн теңгесі биыл жұмсалады. Бүгінде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында Қазақстандық препарат тіркелген. Маман қазірде отандық вакцинаның клиникалық сынаққа дейінгі кезеңінде екенін ескертті. Яғни қазан, қараша айына дейін ақ тышқан мен кеміргіштерге сынақ жасалады. Ал келесі кезең Қазақстанда өткізілмейді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу