КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ ТЕГІН БЕРІЛЕТІН ДӘРІЛЕРДІ КУӘЛІК КӨРСЕТІП АЛУҒА БОЛАДЫ

Коронавирустан үй жағдайында емделушілер дәріханада тегін берілетін препараттарды кәулігін көрсетіп ала береді. Денсаулық сақтау министрлігі жасаған тізімда 6 түрлі дәрі-дәрмектің атауы бар. Ал, егер қажет дәріні таппасаңыз 1439 байланыс орталығына хабарласу керек. Айта кетерлігі, Апиксабан және Дабигатран препараттарының елімізде баламасы жоқ. Алматы фармацевтикалық фабрикасы әзірге Ривароксабан өндірісін ғана іске қосты. Ал, Парацетамол дәрісін сатып алу рәсімі әлі жүріп жатыр. Әзірге, оның орнын Ибупрофен препараты алмастырады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу